Главная

Ұландықтар үш күн сайысты ​

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Өскеменде 12-14 шілде аралығында ҚР Ұлттық ұланының «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының біріншілігіне әскери-спорттық кешеннің көпсайысы бойынша оқ ату және жеңілатлетикалық кросс бойынша жарыс өтті.

Үш күнге созылған жарысқа 70 спортшы қатысып, әзірліктері мен шеберліктерін, сондай-ақ спорттық бабын көрсетті.

Аталған жазғы спартакиадада әскери-қолданбалы спорттың бірінші түрі бойынша әскерилер штаттық қарудан, атап айтқанда АК-74, Макаров тапаншасынан, сондай-ақ мерген мылтығынан оқ атудан жарысты.

Сонымен қатар Ұлттық ұландықтар граната лақтыру, 100 метрге жүгіру, белтемірге тартылу және 3 шақырымға жүгіру бойынша кім мықтыны анықтады.

Жарыстың соңғы түрінде 1,3 км қашықтыққа жеңіл атлетикалық кросс және 5 км қашықтыққа жүгіріп, жүйріктер анықталды.

Сайыс қорытындысында, табельдік қарудан оқ ату бойынша Курчатов қаласының 3514 әскери бөлімінің командасы топ жарды, екінші орынды Павлодар қаласының 6679 әскери бөлімінің иеленсе, Павлодар қаласының 5512 әскери бөлімінің командасы үздік үштіктен көрінді.

​ Көпсайыс бойынша командалық біріншілікте 1 орынды Семей қаласының 5511 әскери бөлімінің спортшы-жауынгерлері, 2 орынды Курчатов қаласының 3514 әскери бөлімінің командасы, ал 3 орынды тағы бір павлодарлық 6679 әскери бөлімінің командасы иеленді.

Жеңіл атлетикалық кросс бойынша жеңімпаздар мен жүлдегелер реттілігі келесідей: 1 орынды Курчатов қаласының 3514 әскери бөлім қанжығаласа, екінші-үшінші орындар орынды Өскемен қаласының 5518 және 6699 әскери бөлімінің спортшыларына бұйырды.

- Жарыс қорытындысы бойынша 17 тамызда Қаракемір кентінде өтетін ҚР Ұлттық ұланының чемпионатына қатысу үшін «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының командасы жасақталды, - деді жарыстың бас төрешісі, Бас қолбасшылықтың дене дайындығы және спорт қызметінің бастығы, подполковник Бауыржан Дарыбаев.

Оза шауып, жүлдеге іліккен әскерилерді ШҚО бойынша Регби федерациясының президенті Талғат Омаров, гандболдан ШҚО бас жаттықтырушысы Ирина Неверова, ШҚО бойынша «Динамо» дене шынықтыру және спорттық қоғамының ардагері Александр Алябьев, сондай-ақ гір спортынан ШҚО аға жаттықтырушысы Шыңғыс Қабдикешов марапаттады.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Ұлттық ұланының «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Рүстем Ақбалиннің атынан кубок, медаль, мадақтама қағазы және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Дата и время публикации: 
16.07.21
Новости
Мұндай нәтижеге Токио Олимпиадасындағы сәтсіздіктердің әсер еткені сөзсіз
14.09.2021
Аталған жарыста жерлестеріміз түрлі медальдар жиынтығына қол жеткізді.
13.09.2021
Шығысқазақстандық палуандар Нұрсұлтан Тұрсынов пен Алмат Кебіспаев Норвегияда өтетін Әлем чемпионатында ел намысын қорғайды.
08.09.2021
Ресейдің Қазан қаласы еркін күрестен 21 жасқа дейінгі жеті мемлекеттің кіл мықтыларын жинап, ауқымды аламан өткізді. Аталған сында жерлесіміз Айдос Жылқайдаров та бақ сынап, жүлдегерлер қатарынан көрінді.
07.09.2021
Похоже, что 9 лет тёмных времён для велоспорта Восточно-Казахстанского спорта подошли к концу – усть-каменогорская велосипедистка сенсационно выиграла бронзовую медаль юниорского Чемпионата Мира на треке.
06.09.2021
Токио Олимпиадасынан соң Ұлттық құрама сапында біршама өзгерістер байқалуда. Ерлер құрамасынан бөлек, бұрымдылар да бұдан былай жаңа бапкерден тәлім алады.
06.09.2021