Главная

«Grand Slam» турнирінен кейін шығысқазақстандық дзюдошылардың рейтингілік жағдайы қалай?

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Будапешт қаласындағы әлемдік турнир мәресіне жеткен соң халықаралық дзюдо федерациясы жаңартылған рейтинг ұсынды.

 Қазір 66 келінің көш бастап тұрған – италиялық Мануэль Ломбардо. Еншісінде 5392 ұпай бар. Екінші және үшінші орындарға Джоширо Маруяма (4950) мен Хифуми Абе (4530) жайғасқан, екеуі де жапон спортшылары. Осылай дзюдошылар есімі тізбектеле 10-шы тұрған Испания елінің үздігі Альберто Гайтероны айта кетейік. Соңғы сайыстарда жинақы өнер көрсетіп, кіл мықтылармен шеберлік байқасуға әзір екендігін байқатуда. Бұдан соң жерлесіміз Ерлан Серікжанов 11-ші сатыға тұрақтады. Бәлкім, жарақаты болмағанда ондықты үржарлық дзюдошы түйіндеген болар ма еді? Қазір 3135 ұпаймен оңтүстіккореялық Ан Баулмен алдына шыққан.

Ауыр салмақта (+100 келі) татамиге беттеген Ерасыл Қажыбаев 1151 ұпаймен 37-ші орнын сақтап қалды. Бұл салмақта чехиялық Лукаш Крпалек 6171 ұпаймен жеке дара көш бастап тұр.

Фотосурет Olympic.kz сайтынан

 

Дата и время публикации: 
30.10.20
Новости
В информационном пространстве появились сведения о том, что сборная команда Казахстана по могулу не сможет принять участие в стартовом этапе Кубка Мира.
03.12.2020
Жуырда Алматыда өткен күрес түрлерінен ел чемпионатының грек-рим бәсекесінде бозкілемге беттеген семейлік спортшы ауыр жарақат алған болатын.
03.12.2020
ХК «Тамбов» изрядно лихорадит в этом сезоне, и команда демонстрирует абсолютно полярные результаты.
03.12.2020
Грек-рим күресінен команда капитаны, үржарлық Алмат Кебіспаев Ұлттық олимпиадалық комитетке берген шағын сұхбатында Алматыда өткен ел чемпионатында көптің айызын қандырып, жарқын белдесулер көрсеткен жастардың қадамына пікір білдірді.
03.12.2020
Жигмонт, Ситимбетов и Чегодаев - лидеры команды по результативности.
02.12.2020
Воспитанник усть-каменогорского хоккея стал тем игроком, который положил начало разгрома московского «Динамо».
02.12.2020