Главная

Қалбатауда жармалықтардың мерейі тасыды

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Мамырдың 17-18 күндері Жарма ауданының Қалбатау ауылында грек-рим күресінен КСРО-ның жеті дүркін чемпионы, еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесіне II ашық облыстық турнир өтті.

Екі  күнге созылған сайыста біршама жарқын белдесулер көрініс тауып, жанкүйерлердің «Қапсыра ұста! Төреші, төрт ұпай! Босама, ұтыласың!» деген айқайынан одан ары қыза түсті. Аягөздік Нұрдәулет Құмарұлы 27 келі салмақта сойқан салды. Бәрінен де оның әдістері үнемі асыра лақтырумен әдемі еді. Алғашқы айналымдарда қимылы тіптен, көз ілеспестей болды. Сөйткенде, ақтық сынға да аптықпай жетіп, ол жерде кілем иесі Данияр Құмарбековтан айласын асырды. Айта кетейік, жұбаныш және қола медаль үшін болған белдесулердің талайы дерлік бір минутқа жетпей аяқталды. Финалда да осы үрдіс жалғаса ма деген еді көрермендер, олай болмады. 58 келіде Нұрлан Тайшыбаев пен Марғұлан Долдаханов жолыққан еді. Екеуі де Жарма ауданынан. Алғашқы кезеңде Нұрлан ұпай санымен алда болды. Белдесуді ерте аяқтауға талпынып еді, қарсыласы оңай шағылар жаңғақ емес екен. Әйтеуір екінші кезең бел ортасынан асқанда алма-кезек ұпайлар алып, 10:2 есебімен басым түсті. Осылайша, 58 келінің алтыны мен күмісі кілем қожайындарында қалды. Бұдан бөлек, осы салмақта тағы бір жармалық балуан Нұржас Нұржақай қолаға қол созды. Бұл ғана емес, жергілікті балуандар жоғарыда аталған жүлделерді қоспағанда, тағы үш алтын, төрт күміс және сонша қола медаль алды. Олардан кейін, үржарлықтар үш алтын, бір күміс, сондай-ақ төрт қола иеленсе, аягөздіктер бір алтын, үш күміс және тоғыз қола жүлде еншілеген-ді. Тұғырға көтерілген жеткіншектердің баршасына қаржылай сыйлықтар табыс етілді.

Ашық облыстық турнир қорытындысында үздіктер төмендегідей анықталды:

 

24 келі

 

1.Әлихан Болатбек (Алматы облысы, Талғар ауданы)

2.Қуат Слямғазиев (Үржар ауданы)

3.Жарқын Төлегенов (Аягөз ауданы)

3.Ербол Саятбеков (Үржар ауданы)

 

27 келі

 

1.Нұрдәулет Құмарұлы (Аягөз ауданы)

2.Данияр Құмарбеков (Жарма ауданы)

3.Арсен Алпанов (Аягөз ауданы)

3.Сүлейман Алиев (Алматы облысы, Талғар ауданы)

 

29 келі

 

1.Ернұр Ерлан (Үржар ауданы)

2.Отанбек Адақ (Жарма ауданы)

3.Омар Советбек (Аягөз ауданы)

3.Рифхат Аблезов (Степногорск қаласы)

 

32 келі

 

1.Әлібек Өртбаев (Үржар ауданы)

2.Нұржан Әшімжанов (Жарма ауданы)

3.Мадияр Сансызбай (Аягөз ауданы)

3.Дарын Құмарбеков (Жарма ауданы)

 

35 келі

 

1.Нұрәлі Ешимов (Жарма ауданы)

2.Әлішер Назан (Аягөз ауданы)

3.Осман Жанайдаров (Аягөз ауданы)

3.Мейірхан Мақсатұлы (Аягөз ауданы)

 

38 келі

 

1.Бауржан Садықанов (Степногорск қаласы)

2.Данияр Қанағатбек (Аягөз ауданы)

3.Нұрәлі Какимов (Жарма ауданы)

3.Қайсар Рымханов (Жарма ауданы)

 

 

44 келі

 

1.Диас Сейітқалиев (Семей)

2.Рафхат Құсайынов (Алматы облысы)

3.Айбын Өкенов (Аягөз ауданы)

3.Алмас Тұрұпжанов (Үржар ауданы)

 

47 келі

 

1.Ерсайын Секенов (Үржар ауданы)

2.Марғұлан Серікқазы (Аягөз ауданы)

3.Нұрасыл Ақланов (Аягөз ауданы)

 

52 келі                                    

 

1.Ердос Нұрдыбек (Жарма ауданы)

2.Руслан Нұрлан (Жарма ауданы)

3.Әлижан Төлешов (Аягөз ауданы)

3.Дарын Тұрғанбаев (Үржар ауданы)

 

58 келі

 

1.Нұрлан Тайшыбаев (Жарма ауданы)

2.Марғұлан Долдаханов (Жарма ауданы)

3.Нұржас Нұржақай (Жарма ауданы)

3.Нұрболат Жұмәділ (Үржар ауданы)

 

+62 келі

 

1.Есентай Кенжебек (Жарма ауданы)

2.Айқын Сағымбаев (Семей)

3.Александр Пименов (Өскемен)

3.Нұраят Қайроллаев (Жарма ауданы)

 

 

Дата и время публикации: 
20.05.19
Новости
Ситуация с послаблением режима карантина довольно странным образом отразилась на спорте. С одной стороны, тренировки не запрещены. Но и в полной мере разрешёнными их назвать довольно сложно.
29.05.2020
Последнее золото Кузнецова, первое золото для «Алтай Атлетикс» и последний триумф «Алтая».
29.05.2020
По подозрению в хищении бюджетных средств во время строительства учебного корпуса новой школы в Риддере задержаны спортивные чиновники
28.05.2020
Вчера стало окончательно известно о том, что Александр Шин и Евгений Рымарев впервые с сезона 2014/15 проведут хоккейный год в разных командах. Кто из них потеряет от этого разделения больше?
27.05.2020
Волейбол, и ничего кроме.
27.05.2020
Вратарь системы «Барыса» Сергей Кудрявцев, большую часть сезона 2019-2020 отыгравший в ВХЛ за «Номад», подвел итоги хоккейного года и поделился мыслями о будущем.
27.05.2020