Главная

«Қазақстан барысына» жаза қолданбақ

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Семей қаласындағы көлік колледжінің директоры Айбек Нұғымаровтың қаладағы тойлардың біріне қонақ ретінде қатысуы соңғы екі күн ішінде қызу талқыланған жаңалықтардың бірі болды.

Аталған жайтқа қатысты өз уәжін білдірген ШҚО Білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділованың сөзінше, ауылдық жерлерде және шағын қалаларда орналасқан 6 колледжде ғана Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің департаментімен келісім бойынша оқу жылы барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, дәстүрлі форматта басталған болатын.

Колледждер тарапынан студенттер мен колледж қызметкерлерінің денсаулығын қорғауды сапалы ұйымдастыру үшін санитайзер, тепловизор, антисептик және тағы басқа қажетті құралдар сатып алынды. Қалған колледждер оқу жылын қашықтан немесе аралас форматта бастады. Бұған қажетті дайындық та жүргізілді. Білім алушылардың, педагогтардың және колледждердің басқа да қызметкерлерінің санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылданды.

Мұндай күрделі кезеңде барлық оқытушы құрамы мен студенттерге үлгі болатын директордың өзі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзуға жол берді. Айбек Серікболұлы қазіргі уақытта еңбек демалысында. Жұмысқа шыққаннан кейін оны тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралатын болады.

Осыған орай оқытушылар қауымын қолданыстағы шектеулерді сақтауға, сондай-ақ қашықтықты сақтаудың, бетперде киюдің және санитарлық нормаларды сақтаудың маңыздылығын көрсетуде белсенділік танытуға шақырамын, – деді Сайрангүл Ахметкәрімқызы.

Айта кетейік, желіде желдей ескен видеода тағы бір жерлесіміз Мұхит Тұрсынов та көпшілік назарына ілікті.

Фотосуреттер inform.kz және vesti.kz сайттарынан

 

 

Дата и время публикации: 
12.11.20
Новости
Алдымен Ресей, Армения, Грузия, Тәжікстан, сосын басқа да мемлекеттер… Осы елдердің атлеттерін жолынан ығыстырып, бапкерлер сеніміне кірмесең ірі додаларға жол тартуың екіталай. Сонау 1965-85 жылдары әсіресе жаһандық қай жарыс болсын социалистік республикалар одағының айдарынан жел есіп, алдыңғы қатардан көрініп жүргенін ешкім жоққа шығара қоймас. Соның ішінде, қазақтың болмысына бітіп, оң жамбасына келетін күрес, бокс, самбо сынды білек күші сыналар спорт түрлерінде бәсеке алауы айрықша қызатын. Ал қайтпастық қанына сіңген сайын дала ұландары әлемдегі атағы жер жарған талай мықтыға тойтарыс бергендіктері спорт тарихына алтын әріптермен жазылған. Бірнеше спорт түрін қатар алып жүріп, таңдай қақтырар нәтиже көрсеткен Ұлан ауданының тумасы Жексен Икамбаевпен емен-жарқын әңгімелесудің сәті түсті.
22.07.2021
Жуырда ғана жерлесіміз Нұрәлі Советқанов Жапонияда өтетін Паралимпиада ойындарына жолдама иеленді.
22.07.2021
Маргарита Торлопова прокомментировала известный казус.
21.07.2021
Шығысқазақстандық палуан Венгрия астанасы Будапеште өтетін Әлем чемпионатында 45 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғайды
19.07.2021
В преддверие старта Олимпийских Игр в Токио интервью нашему порталу дал руководитель управления физической культуры и спорта ВКО Досжан Уалханов, который подытожил работу спорта ВКО в течение последних пяти лет, заглянул в будущее и поделился своими ожиданиями от выступлений наших атлетов на главном старте четырёхлетия.
17.07.2021
Өскеменде 12-14 шілде аралығында ҚР Ұлттық ұланының «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының біріншілігіне әскери-спорттық кешеннің көпсайысы бойынша оқ ату және жеңілатлетикалық кросс бойынша жарыс өтті.
16.07.2021