Главная

Серікжановқа сенім артылды

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Токиодағы Олимпиадаға жол тартатын спортшылар есімі белгілі болып, Мемлекет басшысы атлеттерге ақжол тіледі. Көк байрағымызды көкте желбіретсін деген сеніммен ту көтеріп шығу мәртебесі үш қарғып секірудің хас шебері Ольга Рыпакова мен бокстан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаевқа берілді.

Бұл туралы сайттың келесі бір жаңалықтарында толығырақ мәлімет ұсынылмақ. Осы жолы дзюдодан 66 келіде ел намысын кімнің қорғайтыны жайлы нақты ақпарат ұсынуды жөн көрдік. Қуаныштың алғашқы легі болар. Бапкерлік құрам Токио төрінде білікті бапкер Айдар Қайырбаевтың қоластында жаттығатын Ерлан Серікжановқа сенім артқан екен. Неліктен екені белгісіз, дзюдосүйер қауымның басым бөлігі Елдос Жұмақановтың баруына тілекші болған. Ол да орынды шығар. Себебі, Жұмақанов Азия чемпионатында төрт мәрте жүлдегер атанған-тұғын. Алайда жастығы мен жарқын жеңіске деген «аштығын» қатар қойса, үржарлық палуанның үдеден шығуына жан-жақты мүмкіндігі бар. Әлбетте, Жапония, Моңғолия, Италия сынды елдердің палуандары оңай шағылар жаңғақ емес.



Дата и время публикации: 
07.07.21
Новости
Мұндай нәтижеге Токио Олимпиадасындағы сәтсіздіктердің әсер еткені сөзсіз
14.09.2021
Аталған жарыста жерлестеріміз түрлі медальдар жиынтығына қол жеткізді.
13.09.2021
Шығысқазақстандық палуандар Нұрсұлтан Тұрсынов пен Алмат Кебіспаев Норвегияда өтетін Әлем чемпионатында ел намысын қорғайды.
08.09.2021
Ресейдің Қазан қаласы еркін күрестен 21 жасқа дейінгі жеті мемлекеттің кіл мықтыларын жинап, ауқымды аламан өткізді. Аталған сында жерлесіміз Айдос Жылқайдаров та бақ сынап, жүлдегерлер қатарынан көрінді.
07.09.2021
Похоже, что 9 лет тёмных времён для велоспорта Восточно-Казахстанского спорта подошли к концу – усть-каменогорская велосипедистка сенсационно выиграла бронзовую медаль юниорского Чемпионата Мира на треке.
06.09.2021
Токио Олимпиадасынан соң Ұлттық құрама сапында біршама өзгерістер байқалуда. Ерлер құрамасынан бөлек, бұрымдылар да бұдан былай жаңа бапкерден тәлім алады.
06.09.2021