Главная

«Ерброк» командасы облыс Кубогінің иегері атанды

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Өскеменде шағын футболдан әуесқой командалар арасында XII облыс Кубогі өтті. Турнир үздіктері наурыздың 24-і күні белгілі болды.

Облыс Кубогінің иегері атануға 27 команда жарыс жолына шыққан еді. Өскемендік аяқ доп шеберлерінен бөлек, Семейден бес ұжым, Шемонаиха, Ұлан, Зайсан, Глубокое аудандарынан және Риддер қаласынан келіп қатысты.

 Ойын барысында, 1/8 финалда Семейдің «Фортуна» командасынан айласын асырған Глубокое ауданының футболшылары еш аянып қалмады. «Фортуна» ұжымы болса, өз тобының көшбасшысы еді. Жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Бұл ретте Глубокое ауданының ойыншылары 3:1 есебімен басым түсті. Одан ары ширек финалда «Имсталькон» командасын 7:4 есебімен тізе бүктіріп, тек жартылай финалда семейлік «Онар Строй» ұжымына есе жіберді.

– Бұл турнирдің өзге сайыстардан ерекшелігі – бір-бірімен бақталастыққа түскен командалар жеребе арқылы анықталған еді. Жеңілген ұжым бірден жарыстан шығып отырды, – деді турнирдің бас төрешісі Сергей Дурницын.

Биыл облыс Кубогінің ақтық сынында «Онар Строй» және «Ерброк» сынды екі семейлік команда жолықты. Екі ұжым да финалға бергісіз жоғары деңгейдегі ойын көрсетті. Кездесу барысында 12 доп соғылды. Алғашқы таймда 4:3 есебімен «Онар Строй» ойыншылары басым тұрған еді. Алайда матч соңына қарай «Ерброк» футболшылары жанкештілік танытып, 8:4 есебімен жеңіске жетті. Айта кетейік, осыған дейін «Кеден» командасы облыс Кубогінде үш мәрте топ жарған болатын. Бірақ осы жолы чемпиондық өкілеттігін болашақ чемпиондар, «Ерброк» футболшыларына тапсырды. Турнир қорытындысында, төрешілік тарапы «Онар Строй» сапындағы Илья Байтеряковты «Үздік гол» аталымы бойынша марапаттады. Себебі, бұл ойыншы алаңның ортасында тұрып, қарсылас қақпасынан саңылау тапқан еді. Одан бөлек, «Ерброк» ұжымында өнер көрсететін Максим Муха «Үздік ойыншы» деп танылды.

Естеріңізге сала кетейік, сәуірдің ортасына қарай үлкен футболдан қалалық біріншілік және «Көктем – Алтын күз» шағын футбол турниры, мамыр айында ардагерлер, қыздар командалары арасында футзалдан облыс чемпионаты, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар арасында облыс біріншілігі басталмақ.

 

  Фото автордікі

Дата и время публикации: 
27.03.19
Раздел: 
Новости
Мұндай нәтижеге Токио Олимпиадасындағы сәтсіздіктердің әсер еткені сөзсіз
14.09.2021
Аталған жарыста жерлестеріміз түрлі медальдар жиынтығына қол жеткізді.
13.09.2021
Шығысқазақстандық палуандар Нұрсұлтан Тұрсынов пен Алмат Кебіспаев Норвегияда өтетін Әлем чемпионатында ел намысын қорғайды.
08.09.2021
Ресейдің Қазан қаласы еркін күрестен 21 жасқа дейінгі жеті мемлекеттің кіл мықтыларын жинап, ауқымды аламан өткізді. Аталған сында жерлесіміз Айдос Жылқайдаров та бақ сынап, жүлдегерлер қатарынан көрінді.
07.09.2021
Похоже, что 9 лет тёмных времён для велоспорта Восточно-Казахстанского спорта подошли к концу – усть-каменогорская велосипедистка сенсационно выиграла бронзовую медаль юниорского Чемпионата Мира на треке.
06.09.2021
Токио Олимпиадасынан соң Ұлттық құрама сапында біршама өзгерістер байқалуда. Ерлер құрамасынан бөлек, бұрымдылар да бұдан былай жаңа бапкерден тәлім алады.
06.09.2021