Главная

Футбол манежі салына ма?

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Өскеменде әуесқой футболға деген қызығушылық уақыт өткен сайын артып келеді. Әр лигадағы командалар саны жыл санап артуда. Осыны ескере келе, ШҚО футбол қауымдастығының президенті Владимир Головатюк орынды ұсыныс айтты.

Кеше шаһарда әуесқой футбол ұжымдары арасында он екінші облыстық және қалалалық Біріншілік өз мәресіне жетті. Командаларды марапаттау кезінде сөз алған облыстық мәслихат хатшысы Владимир Головатюк футболшылардың сапалы ойын көрсетіп келе жатқандығына оң бағасын берді. Ұжымдар әр жылы келген сайын жүлдеге ілігу үшін жанкештілік танытып келеді екен.

 – Расымен де, бұл жолы өзім тамашалаған футбол бәсекесі айтарлықтай жоғары деңгейде өтті, – деді футбол ардагері.  – Оған финалдық ойын көзімді жеткізді. Жанкүйерлер де соңғы уақыттары мол жиналуда. Бұған қарап, «аймақта футбол манежін салу керек» деген мәселе шығып отыр. Өздеріңіз байқағандай, көп жағдайда жеңімпаз соңғы уақытқа дейін беймәлім болып келеді. Бұл да әуесқой футбол деңгейінің өскендігін аңғартады.

Қыс мезгіліне тұспа-тұс келетін облыстық және қалалық Біріншілік талай жылдан бері Өскемендегі бірнеше мекеменің спорт залында өтіп келеді. Қар сөгіле, футболшылар «Восток» алаңында теңбіл доп додасын жалғастырады. 40-қа жуық команданы пышыратпай, бір алаңда ойнату әрине, ұйымдастыру комитетіне, футболшылардың өздеріне де тиімді болары сөзсіз. Десе де, ШҚО футбол қауымдастығы президентінің орынды ойы алдағы уақытта бір жақты болып, облыс басшылығы тарапынан қолдау таба жатар.

 

Фото автордікі

Дата и время публикации: 
04.03.19
Раздел: 
Новости
Мұндай нәтижеге Токио Олимпиадасындағы сәтсіздіктердің әсер еткені сөзсіз
14.09.2021
Аталған жарыста жерлестеріміз түрлі медальдар жиынтығына қол жеткізді.
13.09.2021
Шығысқазақстандық палуандар Нұрсұлтан Тұрсынов пен Алмат Кебіспаев Норвегияда өтетін Әлем чемпионатында ел намысын қорғайды.
08.09.2021
Ресейдің Қазан қаласы еркін күрестен 21 жасқа дейінгі жеті мемлекеттің кіл мықтыларын жинап, ауқымды аламан өткізді. Аталған сында жерлесіміз Айдос Жылқайдаров та бақ сынап, жүлдегерлер қатарынан көрінді.
07.09.2021
Похоже, что 9 лет тёмных времён для велоспорта Восточно-Казахстанского спорта подошли к концу – усть-каменогорская велосипедистка сенсационно выиграла бронзовую медаль юниорского Чемпионата Мира на треке.
06.09.2021
Токио Олимпиадасынан соң Ұлттық құрама сапында біршама өзгерістер байқалуда. Ерлер құрамасынан бөлек, бұрымдылар да бұдан былай жаңа бапкерден тәлім алады.
06.09.2021