Главная

Востокцветмет биыл да чемпион

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Өскеменде футзалдан әуесқой командалар арасында XII-ші облыстық және қалалық Біріншілік аяқталды.

Бұл жолы облыс біріншілігіне барлығы 40 команда қатысқан екен. Оның ішінде, Жоғарғы лигада 13 ұжым өнер көрсетті. Бірінші және екінші лигаларда да осынша команда жүлделі орындарды сарапқа салды. Естеріңізге сала кетейік, теңбіл доп бәсекесі 2018 жылдың қарашасында басталды. Әдеттегідей, бұл жолы да ойын тартысқа толы болды. Оның ішінде, «Кеден» командасы кезекті рет жүлдегерлер қатарынан көрінді. Мамандардың айтуынша, осы жолы бұл команданың бірқатар үздік ойыншылары ойнамаған екен. Десе де қола медальды уыстан шығармады. Сайыстың соңғы күні олар «Имсталькон» футболшыларын 7:1 есебімен тізе бүктірген еді.

Ал Біріншілік нүктесін «Марқакөл» мен «Востокцветмет» командалары қойды. Яғни, финалдық ойын. Өткен жылы «марқакөлдіктер» өскемендік ұжымды айқын ұтып еді. Бұл жолы «ВЦМ» ойыншылары 6:2 есебімен басым түсті. Сөйтіп, турнир кестесінде 62 ұпай жинаған «ВЦМ» футболшылары өткен жылғы жетістіктерін қайталап, жоғарғы лига чемпионы атанды. Оның ізін ала, «Марқакөл» әуесқой футбол клубы 58 ұпаймен екінші орыннан көрінсе, 45 ұпаймен «кедендіктер» жүлдегерлер үштігін түйіндеді. Командаларды марапаттау рәсіміне облыстық мәслихат хатшысы, футбол ардагері Владимир Головатюк қатысты.

 – Өңірдегі әуесқой футбол деңгейі біршама өскен екен. Оған соңғы ойындардың айтарлықтай жоғары деңгейде өткеніне қарап көзім жетті. Ұдайы сапалы дайындық жүргізетін «Востокцветмет» футболшылары биыл да өздерін теңдессіз екендіктерін дәлелдеп, жеңімпаз болды. Десе де өзге ұжымдар да жыл санап қарқындарын арттырып келеді, – деді футбол ардагері.

Фотода Иван Сивожелезов "Үздік қақпашы"

 

Ұйымдастыру комитеті ерекше ойынымен көзге түскен қатысушыларды марапаттау дәстүрінен бұл жолы да жаңылмады. Арнайы номинациялар бойынша спортшылар келесідей марапатталды:

 

1. Иван Сивожелезов «Үздік қақпашы» (Востокцветмет)

2. Аян Артуров «Үздік қорғаушы» (Кеден)

3. Кирилл Рыкунов «Үздік шабуылшы» (Меркурий-Строитель)

4. Есбол Айтбаев «Үздік сұрмерген» (Титан)

 

Фото автордікі

Дата и время публикации: 
04.03.19
Раздел: 
Новости
Мұндай нәтижеге Токио Олимпиадасындағы сәтсіздіктердің әсер еткені сөзсіз
14.09.2021
Аталған жарыста жерлестеріміз түрлі медальдар жиынтығына қол жеткізді.
13.09.2021
Шығысқазақстандық палуандар Нұрсұлтан Тұрсынов пен Алмат Кебіспаев Норвегияда өтетін Әлем чемпионатында ел намысын қорғайды.
08.09.2021
Ресейдің Қазан қаласы еркін күрестен 21 жасқа дейінгі жеті мемлекеттің кіл мықтыларын жинап, ауқымды аламан өткізді. Аталған сында жерлесіміз Айдос Жылқайдаров та бақ сынап, жүлдегерлер қатарынан көрінді.
07.09.2021
Похоже, что 9 лет тёмных времён для велоспорта Восточно-Казахстанского спорта подошли к концу – усть-каменогорская велосипедистка сенсационно выиграла бронзовую медаль юниорского Чемпионата Мира на треке.
06.09.2021
Токио Олимпиадасынан соң Ұлттық құрама сапында біршама өзгерістер байқалуда. Ерлер құрамасынан бөлек, бұрымдылар да бұдан былай жаңа бапкерден тәлім алады.
06.09.2021