Главная

Алексей Полторанинді допингпен қамтамасыз еткен дәрігер алты жылға абақтыға жабылуы мүмкін

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Бүгін Германияның Мюнхен қаласында біршама спортшыны тыйым салынған препаратпен қамтамасыз еткен неміс дәрігері Марк Шмидтке қатысты сот ісі басталды.

 

Өткен жылы Әлем чемпионатында бақ сынағалы тұрған бір топ шаңғышыны Австрия мен Германияның құқық қорғау органдарының қызметкерлері құрықтаған еді. Олардың арасында жерлесіміз, риддерлік Алексей Полторанин де бар болатын. Жалпы, жасы отыздан асса да әлі бірқатар халықаралық додаларда жүлде алатын мүмкіндігі бола тұра, неліктен мұндай қадамға барғаны талай жанкүйеріне жұмбақ болып қалғаны сөзсіз. Сол кезде жерлесімізден бөлек, Австрия және Эстония елдері де спортшыларының да басы дауға қалған болатын. Айта кетейік, айыпталған тек шаңғышылар ғана емес, жеңіл атлет, велошабандоз және конькимен жүгірушілер де бар. Сонда оларды допингпен қамтамасыз еткен кім? «Допинг докторы» деп кімді айтты? Әлемдік деңгейде мамандар талқысына түскен жағдай бойынша БАҚ өкілдері неміс дәрігері Марк Шмидтдің тиісті препарат ұйымдастырып, соны спортшыларға сату арқылы қомақты қаржы иемденіп отырғандығын жарыса жазды. Ізін суытпай дәрігерді абақтыға жапты. Белгілі болғандай, тыйым салынған препаратты шаңғышыларға бүркеншік есім беру арқылы табыстаған. Мюнхеннің бас прокуроры Кай Грэбердің сөзінше, спортшылардың кодтық есімдері түрліше.

 

Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин «Эйнштейн», хорватиялық велошабандоз Кристиан Дюрасек «Тriple X», ал оның австриялық әріптесі Стефан Денифльді «Есімсіз» деп аталған. Олардың әрбірі жылына 5000-15000 евро аралығында қаржы төлеп тұрулары тиіс-тін. Бұл үрдіс қолма-қол ақша төлеумен жүзеге асты, – деді ол.

 

Жалпы, қылмыс шеңберіне 50 спортшы кіріп тұр. Оның 21-і евррпалық мемлекттерден.

 

Сонда 21-ді 5000 евроға көбейтсек бір маусымға 100 мың евро шығады, – деді Кай Грэбер.

 

Енді Марк Шмидт спортшының денсаулығына нұқсан келтіретін допинг сатып, заңсыз коммерциялық емес қызметпен айналысқаны үшін айыпталып отыр. Suddeutsche Zeitung мәліметінше, 42 жастағы дәрігерге 4 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

Фотосурет old2.aikyn.kz сайтынан

 

 

Дата и время публикации: 
17.09.20
Новости
В Усть-Каменогорске завершился республиканский турнир на призы теннисного центра «SMASH». Финалы получились яркими - завершающей вспышкой.
18.06.2021
Бапкерлік құрам Түркияның астанасы Стамбулда өтетін сайыста ел намысын кімдер қорғайтынын жариялады.
18.06.2021
В Усть-Каменогорске определились финалисты одиночного разряда республиканского турнира на призы теннисного центра «SMASH».
17.06.2021
Халықаралық күрес парақшалары дерегінше, осыған дейін жоғары ұпай жинаған палуандар Олимпиада ойындары алдында төрт топқа бөлінеді.
16.06.2021
В Усть-Каменогорске сыграны четвертьфинальные матчи турнира на призы теннисного центра «SMASH».
16.06.2021
Мастер батутной гимнастики из Усть-Каменогорска выиграл серебряную медаль этапа Кубка Мира.
15.06.2021