Главная

Айбек Нұғымаров: ұлы Абайдың 175 жылдығы қарсаңында қазақ күресінен халықаралық жарыс өткізу керек

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Қазақтың апайтөс палуаны Айбек Нұғымаров облыс әкімдігінде өткен жиында хакім Абайдың мерейтойын тойлауға қатысты ұсынысын білдірді. Маңыздысы сол, спортшының биыл қазақ күресінен халықаралық деңгейдегі сайыс өткізу туралы ойына аймақ басшысы қолдау білдірді.

 Айбек Серікболұлы соңғы уақыттары қазақ күресінен ірі додаларда ел намысын қорғап қана жүрген жоқ, төл спортымыздың өрлеуі үшін ұдайы бір жобаларды қолға алып, жастар арасында ұлттық спортымызды насихаттауды басты назарға қойған. Тіпті өткен жылы өзі директор болып тағайындалған көлік колледжінде де студенттер арасында қазақ күресінен кезең-кезеңімен жарыстар өткізуді жоспарлап жүргенін жеткізген болатын бір сұхбатында. Мәлім болғандай, Қарауылда қазақ күресінен халықаралық турнирдің өткізілетіні белгілі болды.

 – Ұлы Абайдың 175 жылдығы қарсаңында қазақ күресінен халықаралық жарыс өткізу керек. Көрші мемлекеттерден халықаралық сайыстарда бақ сынап жүрген тәжірибелі палуандар келіп жарыс көркін қыздыруға әзір екендіктерін жеткізді. Турнир ауқымы Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Моңғолия және Ресей елдерінің спортшыларын қамтымақ, – дейді қазақ күресінен төрт дүркін Әлем чемпионы.

 Өз кезегінде палуанның ұсынысына аймақ басшысы Даниал Ахметов қолдау білдіріп, ұлы ақынның мерейтойы аясындағы шаралардың әдеттегіден жоғары деңгейде өтуі тиіс екенін мәлімдеді.

 Фото ҚР қазақ күресі федерациясының әлеуметтік желідегі парақшасынан

 

 

 

 

Дата и время публикации: 
06.02.20
Новости
Первый старт после очень и очень долгого перерыва провёл обладатель первой путёвки на Олимпийские Игры в Токио от нашей лёгкой атлетики Георгий Шейко, а также наша лучшая спортсменка Галина Якушева (на фото).
07.03.2021
Стал известен состав сборной Восточно-Казахстанской области на старте в Шымкенте.
07.03.2021
Стал известен соперник самой усть-каменогорской команды ВХЛ по четвертьфиналу Кубка Петрова.
06.03.2021
В весенней части Чемпионата Казахстана примут участие обе женские команды волейбольного клуба «Алтай».
05.03.2021
У «семейства кошачьих» из столицы Казахстана есть шанс переломить ход серии.
05.03.2021
Кеше Өскеменде өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы ел чемпионатының үшінші жарыс күні мәресіне жетіп, төрт салмақ дәрежесінде үздіктер есімі белгілі болды.
05.03.2021