Өздеріңізге мәлім, биылғы «Әлем барысы» додасында қос бірдей қазақстандық балуан боз кілемде финалда жолықты. Екеуі де жүріп өткен жолдарында небір мықтыларды сан соқтырды. Түркістан облысының өкілі Ерсұлтан Мұзафаровтың көрсеткен өнерін жанкүйерлердің жылы қабылданғаны сөзсіз. Себебі, салмағы да жеңіл, әрі айтарлықтай сенімді өнер көрсетті. Ал тәжірибесі толысқан семейлік спортшы өзінің оң жамбасынан келетін әдісін ойдағыдай орындап, жеңісінің айқын екендігіне еш шүбә келтірмеді. Іштен ілу – Айбектің келістіріп орындайтын әдісі. Сайт тілшісіне сайысқа қандай мақсат қойып барғандығын қысқаша айтып кеткен еді.
– Кез-келген спотшының мақсаты – жарыста жеңіп шығу. Көкейімде аталмыш аламанды екінші мәрте ұтсам деген үлкен мақсат болды. Сәті түсіп, жеңіске жеттік. Барлығы өз сәтімен келеді. Мұның артында үлкен еңбектің жатқанын да айта кеткен жөн, – деген еді шығысқазақстандық балуан.
Айбек бұл жетістігімен шектелмейді. Алда «Еуразия барысы» халықаралық жарысы, одан ары өзге де халықаралық, елішілік бәсекелер күтіп тұр.
Фото автордікі
Әділхан Есімханов
Первый старт после очень и очень долгого перерыва провёл обладатель первой путёвки на Олимпийские Игры в Токио от нашей лёгкой атлетики Георгий Шейко, а также наша лучшая спортсменка Галина Якушева (на фото). 07.03.2021 |
Стал известен состав сборной Восточно-Казахстанской области на старте в Шымкенте. 07.03.2021 |
Стал известен соперник самой усть-каменогорской команды ВХЛ по четвертьфиналу Кубка Петрова. 06.03.2021 |
В весенней части Чемпионата Казахстана примут участие обе женские команды волейбольного клуба «Алтай». 05.03.2021 |
У «семейства кошачьих» из столицы Казахстана есть шанс переломить ход серии. 05.03.2021 |
Кеше Өскеменде өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы ел чемпионатының үшінші жарыс күні мәресіне жетіп, төрт салмақ дәрежесінде үздіктер есімі белгілі болды. 05.03.2021 |