Главная

Биыл монаколықтардың мерейі тасыды

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Өскеменде өз тарихында осымен 50-ші мәрте өткізілген «Қазақстан оқушысы – 2019» республикалық сайысы аяқталды. Бүгін барлық кезеңнің үздіктері белгілі болып, жекелей және командалық есепте жоғары нәтиже көрсеткендер анықталды.

 Аталған жарыстың басты ерекшелігі – биыл Монако Князьдігінен алғаш рет келіп қатысты. Ерекшелігі сол, «Monaсo team» командасы сапында төрт бірдей отандасымыз өнер көрсетіп, бірнешеуі тұғыр сатысынан орын алды. Атап айтқанда, веложарыстан Олимпиада ойындарының чемпионы әрі жүлдегері Александр Винокуровтың Николай және Александр есімді ұлдары өнер көрсетіп, бірі – 3-ші кезеңде, бірі – 7-ші кезеңде топ жарды. Ал көпкүндіктің жалпы қорытындысында, жүлдеге іліккен қатысушыларды бірқатар спорт майталманы, сондай-ақ Олимпиада ойындарының жеңімпазы Александр Винокуров марапаттады. Бірі білсе, бірі білмейді, осы жарысқа бір кездері әйгілі велошабандоздың өзі де қатысқан.

 – Монаколықтардың аяқ алысы тәуір болды. Командалық есепте де жеке дара көш бастады. Кей тұрғыда күн райының бұлттанып тұруы өз көмегін берді. Десе де бабы келіскендері кезіккен кедергілерге қарамай, мәре сызығын кесіп жатты. Мен қатысқан 1987 жылы бәсекелестік жоғары еді. Бұл спортшыларға да қарап, біршама тартыстың болғанын байқау қиын емес, – деді атақты велошабандоз.

 Монаколықтар демекші, 4-ші кезеңде үшінші, 5-ші кезеңде бірінші орын алған Брудер Гийом жоғары әзірлікпен келгендігін жеткізді. Қалған кезеңдерде де үздік бестіктің қатарынан көрініп жүрген. Ал отандастырымыздан елордалық Нұржан Хатпин есімді қатысушыны ерекше атап өтуге болады. Қоржынын түрлі медальдар жиынтығымен толтырған спортшының жекелей есепте екінші орын иеленгені осал еместігін аңғартады. Жалпыкомандалық есеп қорытындысына келсек, жоғарыда аталған Монако Князьдігі өзгелерден оқ бойы озық болды. Алматы облысының командасы екінші, Шымкент қаласы үздік үштікті түйіндеді.

 Бұл жолы ресейліктер мен өзбекстандық өрендер жүлдеге ілінбеді. Ұйымдастырушылар бұл жағын бәсекелестіктің арта түскендігінен деп есептейді.

 

Фото автордікі

 

 

 

 

Дата и время публикации: 
15.08.19
Раздел: 
Новости
Острый конфликт между тренерами Восточно-Казахстанской школы высшего спортивного мастерства (ВКО ШВСМ) по зимним видам спорта и ее директором дошел до суда. Газета "Караван", похоже, "назначила" виновного в тезисе, вынесенном в заголовок.
07.08.2020
Ольга Рыпакова проводит сбор в Усть-Каменогорске с именитым персональным тренером.
07.08.2020
Почему хоккейная школа «Торпедо», ныне находящаяся под игом ТОО «Алма Сервис» не сможет в ближайшем будущем выдавать на гора классные кадры?
07.08.2020
Бір жылдары бокстан «Astana Arlans» клубының екпіні қатты, спортшыларының жұдырықтары гүрзі, қарсы алдында қасқайып тұрған кез келген спортшыны ықтыратындай арыны болғандығы белгілі. Сол командадан ойып тұрып орын алған шығысқазақстандық боксшылар да жоқ емес-тін. Алайда оларды сол жойқын соққы иесі атанып, азуын айға білеген былғары қолғап шеберлеріне лайықты қарсылас атандыра білген кім? Бұл мақалада аталған бокс клубына мүше болған жерлестеріміз емес, ел көлемінде Шығыс өңірінде бокс мектебінің өзіндік қолтаңбаға ие екендігін көрсеткен бірегей бапкер жайлы айтылмақ. Ұлан ауданының бұрынғы Төлеке ауылының тумасы, бокстан еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ғани Жакуповпен әңгімелескен едік.
05.08.2020
«Даллас» Антона Худобина провёл первый матч после рестарта сезона НХЛ.
05.08.2020
Одна из самых красивых гимнасток ВКО решила показать, что спортом заниматься можно везде, даже в самых неожиданных для этого локациях.
04.08.2020