Главная

Монако Князьдігінен де келіп қатысады

Аватар пользователя Esimkhanovv
Журналист
Адилхан Есимханов
Өскеменде тамыздың 8-16 аралығында «Қазақстан оқушысы-2019» дәстүрлі велокөпкүндігі өтеді. Жылда қолға алынатын сайысқа өскемендіктерден бөлек, биыл 15 команда келіп қатыспақ.

Тәжірибелі ұжымдардан бөлек, жаңадан қатысқалы отырған команда да бар. Айталық, Ресей мен Өзбекстан велошабандоздары жарыстың тұрақты қатысушылары болса, тұңғыш рет Монако Князьдігінен ат терлетіп жетпек. Оқушылар арасында велоспортты насихаттау мақсатымен қолға алынатын көпкүндік бір жетіге жалғаспақ. Қатысушыларға жазық жерлермен қатар таулы кезеңдерді де еңсеру тиіс болады. Естеріңізде болса, өткен жылы ОҚО мен Өзбекстан елінің спортшылары жүлделі орындардан көрінген еді. Еліміздің Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығы, ШҚО әкімдігі, сондай-ақ облыстық қосымша білім беру және дене шынықтыру орталығы тізе қосып қолға алған додада ұзын-саны 130 велошабандоз бақ сынайды деп күтілуде.

Сайыстың салтанатты ашылуы тамыздың 9-ы күні сағат 09:30-да Комсомольск аралында өтеді.

 

Фото astana.gov.kz сайтынан алынды

Дата и время публикации: 
06.08.19
Раздел: 
Новости
ФК «Алтай» выиграл последний матч I Конференции Чемпионата Казахстана по футболу Первой лиги.
31.10.2020
Итоги Кубков Казахстана по волейболу глазами корреспондента VKsport.kz.
31.10.2020
Столичный казахстанский коллектив одержал трудную победу над аутсайдером.
30.10.2020
Қазір Күншығыс елінің бұрымдылары Токиодағы оқу-жаттығу жиынына қатысуда.
30.10.2020
Будапешт қаласындағы әлемдік турнир мәресіне жеткен соң халықаралық дзюдо федерациясы жаңартылған рейтинг ұсынды.
30.10.2020
ВК «Алтай» уступил «Атырау» за право сыграть в финале Кубка Казахстана. Но едва ли кто-то сможет упрекнуть нашу команду в безволии.
28.10.2020